«2015 жылдан бастап коммерциялық мақсаттарда пайдаланылмайтын 7жылға дейінгі жеке автокөліктерге техникалық байқаудан, сондай-ақ көлік құралын басқаруға сенімхаттан бас тарту керек»,-деді Н. Назарбаев.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, құрылымдық реформалар бойынша негізгі заңнамалық өзгерістерді Үкімет кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайын түбегейлі жақсарту мәселелері тұрғысындағы заң жобасында ескеру қажет.
«Үкіметке аталған заң жобасын Парламентке биылғы қыркүйекте енгізуді тапсырамын. Оның қарастыруды басымдықты мәселе деп жариялаймын»,-деп түйді Мемлекет басшысы.