«Бұл ретте барлық ауыл шаруашылығы алқаптарын ұтымды пайдалануға мемлекеттік бақылау жүргізіліп жатқанын атап өткім келеді. Сонымен қатар, пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтарып алу мерзімін 2 жылдан 1 жылға дейін қысқарту бойынша заңнамалық механизмі әзірленуде», - деді С. Омаров.
Мұнымен қоса министр 2020 жылғы желтоқсанда Салық кодексіне заңнамалық түзетулер қабылданғанын еске салды.
«Онда пайдаланылмайтын жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін 10-нан 20 есеге дейін ұлғайту көзделген, яғни, ұтымсыз жер пайдаланушылар пайдаланылмайтын жерлерден өз еркімен бас тартуы үшін экономикалық мәжбүрлеу тетігі іске қосылғанын атап өткім келеді», - деді Сапархан Омаров.
Айта кетейік, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлданды.