Пайдалы қазбаларды өндірушілерден 160 млрд теңге салық түсті – Кірістер комитеті

Фото: Фото:

АСТАНА. KAZINFORM – Былтыр пайдалы қазбаларды өндіруге салық ставкалары көтерілді. Жылдың нәтижесінде бюджетке 160 млрд теңге салық өндірілді. 

Бұл туралы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті мамандандырылған департаментінің директоры Әлібек Ибрайым мәлім етті.

«Біздің комитет тарапынан жер қойнауын пайдаланушыларға ерекше назар аударылуда. Қазіргі таңда 5 мың астам жер қойнауын пайдаланушылар комитеттің қадағалауында. Олардың ішінде мұнай-газ секторы – 205, тау-кен секторы – 1 309, кең таралған пайдалы қазбалар – 1 277, жер асты сулары – 2 392. Былтыр 1 қаңтардан пайдалы қазбаларды өндіруге салық ставкалары көтерілді. Сол арқылы бюджетке 160 млрд теңге өндірілді», - деді Әлібек Ибрайым комитетте өткен баспасөз мәслихатында.

Одан бөлек, спикердің қосымша салықтық әкімшілендіру аясында бюджетке 560 млрд теңге түсті. 

«Биыл жер қойнауын пайдаланушыларға трансферттік баға аясында заңға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатыр. Ол өзгерістер 2019 жылдан бері әзірленіп келе жатыр. Қазір заңнама парламенттің қарауында», - дейді ол.