Пайдалы жазғы демалыс: Жамбылдық жасұландықтардың тәжірибесі

None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында «Жас ұлан» балалар ұйымы биыл өзінің бесжылдығын атап өтпек.

«Бүгінде балалар мектеп пен әлеуметтік педагогика арасындағы буынды байланыстыратын «Жас Ұлан» балалар ұйымынан түсінік, тірек тауып, мүмкіндіктерін жетілдіріп, қамқорлығын сезінуде.  Үйлестірушілер мен тәлімгерлердің қызметі білім алушылардың азаматтық ұстанымын, патриотизмін дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған, - деді облыстың  мектептен тыс шаралар орталығының әлеуметтік-мәдени бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі Ольга Сағандықова. - Осы жылдары  патриоттық акция өткізудің, жазғы уақытта демалыс ұйымдастырудың  құнды тәжірибесі қалыптасты, барынша белсенді аудандар айқындалды, атап айтқанда, Қордай, Рысқұлов, Меркі, Мойынқұм.

Қордай ауданында балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығында педагогтар өз күштерін сынап көргісі келетіндерге сурет өнері мен «Менің отбасым - менің елімде» тақырыбында жұмыс көрмесін  ұйымдастырып, балаларға ерекше әсер сыйлады, оның ішінде  сауықтыру лагері базасында ұйымдастырылған «Сәлем, жасқырандықтар» акция фестивалі балаларға тамаша көңіл-күй тарту етті.

 «Жаздың өз әліпбиі бар, барлық керемет естеліктер осы жылдың шуақты да көркем мезгіліне тікелей байланысты, - деді ауданда балалар қозғалысының негізін қалаушылардың бірі Ж. Нұралиева. - Жазғы маусымдағы балалардың ерекше көңілді кештері мен алған тәтті әсерлері солар үшін ғажап емес пе. Әдемі мереке, кештің басты қонақтары - қыздар мен балалар.  «Жасұланның» «Жас көшбасшы мектебі» үйірмесінің балаларымен бірлесіп, жазғы демалыстың ойдағыдай өтуі үшін бірқатар шаралар ұйымдастырдық».

 «Меркі ауданының жасұландықтары жазды есте қаларлықтай жарқын етіп өткізу үшін өздерінің барлық шығармашылық мүмкіндіктерін пайдаланды.  «Ғажайып құмсалғыш» байқауы, «Имидж» шаштараздар байқауы және т.б.   балалардың ой-өрісін дамытып, эстетикалық талғамын оятып, түрлі деңгейдегі дағдылар мен іскерлікті жинақтауына ықпал етті.   Балалар демалып қана қоймай, қажетті білім ала білді. Кәсіпкерлік қызметті үйретті. «Үміт» балалар, жасөспірімдер сарайында курстарда бизнес негізімен танысты»,  - деді Санғандықова.

 «Балалар өз-өздерін жетілдіру үшін Ә. Молдағұлова атындағы қала сыртындағы лагерьге шығамыз, - деді үйлестіруші Эльзат Тілеубаева. - Лагердің жұмысы балалар мен жасөспірімдерді шынайы әлеуметтік-маңызды қатынастарға барынша баулиды, мәдени-бұқаралық демалыс қызметінің дағдыларына үйретеді».

Мойынқұм ауданының «Жасұлан» балалар ұйымы  өз қағидаттары мен дәстүрлері бар жергілікті бөлімше. Бүгінде 1 150 жасұландықтар, 1 250 жасқырандықтар бар, - деді Мойынқұм БЖО директоры Ш. Шажаралин. - Барлық білім, шеберлік сыныптары, тренингтер көшбасшылық, ұйымдастырушылық, коммуникациялық  қабілеттерін ашуға бағытталған. Облыста алғашқы болып «ЮНЕСКО клубы» мәртебесін алдық,  соның арқасында үйірмеге қатысушылар түрлі көрмелер мен байқауларға қатысып, әлемнің мәдени астаналарын аралай алады.