Аталмыш жоба үш жылға шақталған және киелі орындарды тәу етіп келген қажылардың қамы үшін қолға алынып отыр.
Мәдина шаһарындағы Пайғамбарлар падишасының (Алланың игілігі мен сәлемі жаусын) мешітін кеңейту жоспарын Сауд Арабиясының королі мақұлдады. Егер 800 мың адамға шақталған аталмыш құлшылық үйі жоспарға сәйкес кеңейтілетін болса, бір мезгілде 1,6 млн адамға дейін ғибадатын өтей алатын болады.
Muslim.kz сайтының жазуынша, қазіргі уақытта Мекке қаласындағы «әл-Харам» мешіті де кеңейтіліп жатыр. Сүріліп тасталған бірқатар нысанның есебінен қажылар Қағбаға тәу ететін алаң кеңейтілетін болады. Бір мезгілде 48 мың адам тәу ете алатын оның сыйымдылығы 130 мың адамға дейін артады.