Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жайлы фильмнің тұсаукесері келесі жылға жоспарланды

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2014 жылы Оскар сыйлығының жүлдегері, Иран режиссері Маджид Маджидидың «Мұхаммед пайғамбар» деп аталатын көркем туындысы көрерменге жол тартады.

Бұл туралы muslim.kz сайты жазады.

Аталмыш фильмде Пайғамбарлар падишасы - Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с.) балалық шағынан пайғамбарлық міндет арқалағанға дейінгі кезеңі қамтылған. Бұл картинаны түсіру жұмыстары үш жылға созылды. Фильм парсы, араб және ағылшын тілдерінде көрсетіледі.