Оның сөзіне қарағанда, білім беру саласында осы тектес әлі де
болса белгілі бір қайшылықтар, шешілмеген мәселелер баршылық. Сондықтан, білім беру тетіктері мен адами капиталды қалыптастыру - Қазақстанның өзекті міндеттері болып қала бермек.
«Бұл міндеттер Елбасымыздың бастамасымен әзірленген Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасында және Қазақстанда интеллектуалды ұлтты қалыптастыру жөніндегі бағдарламада айқын көрініс тапқан. Бұған қоса Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның ерекшелігі - білімнің жаңа сапасына көшу. Осы бағдарламада қарастырылған институционалды қайта құрулар біздің жұмысымыздың базалық бағытын анықтайды. Келешекке нақты міндеттер жүктейді»,-деді министр.