Білім, денсаулық сақтау және бала құқықтары: жаңа заң күшіне енеді

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев педагог мәртебесі мен бала құқықтарына қатысты заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: ЖИ

— Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бұған дейін Президент сайлау, прокуратура және әлеуметтік заңнамаға қатысты бірнеше заңға қол қойғанын жазған едік.