Бұл туралы бүгін селекторлық режимдегі Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.
Еліміздің мектептерінде 270,4 мыңнан астам оқытушы жұмыс істей бастайды. Педагогикалық кадрларға деген қажеттілік 2 714 оқытушыға жетіп отыр.
«Оқытушылар көбінесе Алматы облысында (369 оқытушы), Ақтөбе облысында (354), Шығыс Қазақстан облысында (336 оқытушы) жетіспейді»,-деді министр.
Сондай-ақ мамандық бойынша жетіспеушілік негізінен математиктердің, орыс тілі және әдебиеті, физика пәндерінің үлесінде.