АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында орналасқан №307 жабық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аурухана баспасөз қызметінің мәліметінше, президент сайлауына клиникада ем алып жатқан балалардың ата-аналары біркісідей қатысып, таңдау жасаған.
Сайлау учаскесінде барлығы 174 адам дауыс берді.
«Қазіргі уақытта учаскелік сайлау комиссиялары дауыс санауға кірісті. Дауыс беру таңғы 7-де басталып, сағат 12.00-де аяқталды»,- деп хабарлады Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығынан.
Айта кетейік, мегаполистегі жабық сайлау учаскелерінде 12 381 сайлаушы дауыс берді.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.