Құжатта АҚШ енгізген санкциялар «танылмауы, орындалмауы және сақталмауы тиіс» екені көрсетілген. Пекин бұл шешімді шетелдік заңдардың экстерриториялық қолданылуына қарсы ұлттық механизмге сүйене отырып қабылдаған.
Қытай Сауда министрлігінің мәлімдеуінше, Вашингтон қалыпты коммерциялық қызметті заңсыз шектеп, халықаралық қатынастардың жалпы қабылданған нормаларын бұзып отыр.
Бұған дейін АҚШ Иран мұнайымен байланысты операцияларға қатысы бар деген негізбен Қытайдың, соның ішінде ірі мұнай өңдеу компаниясы Hengli Petrochemical сияқты бес кәсіпорнын санкциялық тізімге енгізіп, олардың активтерін бұғаттап, транзакцияларға тыйым салған болатын.
Бұған дейін Трамп ресейлік мұнайға салынған санкцияларды уақытша жеңілдеткен болаты.