Пеле Неймарды «Пари Сен-Жерменге» ауысуымен құттықтады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилиялық Пеле  отандасы Неймарды француздық "Пари Сен-Жерменге" ауысуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Үш дүркін әлем чемпионы құттықтау сөзін Twitter-дегі парақшасына жазды.

Бейсенбіде 25 жастағы Неймар   "Барселонадан"  "Пари Сен-Жерменге" ауысты. Ол   каталондық клубтан өз келісімшартын  рекордтық  €222 млн  сатып алды.   Шабуылшының  париждықтармен келісімі 5 жылға жасалды.   

"Құттықтаймын, Неймар, осы кезеңде сәттілік тілеймін. Париж - әдемі қала, әлемдегі менің жақсы көретін қалаларымның бірі", - деп жазды Пеле.

  Каталондық  клуб құрамында Неймар екі рет Испания чемпионы болды.  Үш рет ел Кубогын ұтып алды. Бір-бірден -   Испания Суперкубогы,  Чемпиондар лигасы, сондай-ақ УЕФА суперкубогын еншіледі.

Пеле - Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА)  тұжырымы бойынша  ХХ ғасырдың үздік футболшысы.   Ол әлемнің үш дүркін чемпионы болған әлемдегі жалғыз ойыншы.