ҚАЖК сотталғандар арасындағы тәрбие жұмыстары басқармасының бастығы Владимир Токиннің айтуынша, республикадағы ҚАЖ мекемелерінің көбінде ашық есік күндері ұйымдастырылатын болады, сол арқылы сотталғандардың туыс-туғандары олармен кездесіп, мекеменің тұрмыстық жағдайымен таныса алады, ал колония әкімшілігі азаматтар мен сотталғандарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Сонымен қатар, сол күндері мәдени-бұқаралық шаралар, шағын футбол, волейбол, үстел үсті теннисі, шахмат, дойбы және тағы да басқа спорт түрлері бойынша шаралар өткізілетін болады.
15:58, 23 Тамыз 2010
Пенитенциарлық жүйе мекемелерінде ҚР Конституциясының 15 жылдығына арналған мәдени-бұқаралық іс-шаралар өтуде
СТАНА. Тамыздың 23-і. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Пенитенциарлық жүйе мекемелерінде ҚР Конституциясының 15 жылдығына арналған мәдени-бұқаралық іс-шаралар өтуде, деп хабарлады Әділет министрлігінің ҚАЖ комитетінен.