деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кеңес жұмысында Комитеттің басшылығы мен аумақтық бөлімшелердің бастықтары, «Еңбек» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өкілдері қатысты.
Кеңесте сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату кезіндегі заңдылықтың жай-күйі, медициналық қызметтің жұмысын ұйымдастыру, қылмыстық-атқару жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігі және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.
Әділет министрі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшылығына қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне атақ беру, лауазымға қабылдау және тағайындау мәселесінде айқындылық пен шынайылықты қамтамасыз ете отырып, кадр жұмысын мұқият регламенттеуді тапсырды.
Сонымен қатар сотталғандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату және тағайындалған жазаны жеңілдету үшін өтінішпен сотқа дербес әрі тікелей жүгінуін көздейтін заң жобасын әзірлеу процесін тездетуге тапсырма берді. Сот тәртібі аталған мәселелер бойынша қабылданған шешімдердің шынайылығы мен айқындылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Әділет министрінің айтуынша, бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ медициналық қызметкердің мекеме әкімшілігіне қызметтік тәуелсіздігін жою мақсатында медициналық қызметті Денсаулық сақтау министрлігінің қарауына беру мәселесін шешкен жөн.
Сонымен қатар, Рашид Түсіпбеков қоныс-колониялары жұмысының және оларға сотталғандарды түзеу мекемелерінен ауыстырудың қолданыстағы тәртібінің тиімділігін зерделеуді тапсырды. Министр өз сөзінде: бүгінде бұл мәселені құқықтық регламенттеуде сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын ауытқу бар. Сондай-ақ, нәтижесінде ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлердің «ірілері» тағайындалған мерзімнің жартысын немесе одан да азын өтеп, қонысқа ауыстырылады. Бұл кезде қылмыскердің сот тағайындаған мерзімді өтемей, бостандықта қыдырып жүргенін көрген сол қылмыстан зардап шеккен адамдардың мүддесі ескерілмейтінін атап көрсетті.