Әскери барлауға кеткен жалпы шығын $17,7 млрд. құрады. Бұл туралы әскери ведомство сайтында жарияланған хабарламада айтылды, деп хабарлады РБК.
Пентагонда бұл мәліметтерді жариялау әскери барлау аясында кез-келген құпия әрекеттерге қауіпсіз деп шешті. Хабарламада ұлттық қауіпсіздік мақсатында әскери барлауды қаржыландырудың өзге ақпараты жарияланбайтыны айтылды.
2010 жылмен салыстырғанда 2014 жылы азаматтық және әскери барлау операцияларына қатысты АҚШ-тың жалпы бюджеті 15% қысқарды. Ол кезде американдық барлау бюджеті $67,9 млрд. құраған.