Пентагон ауған науқаны туралы мемуарлық кітаптарды өртеді

None
АСТАНА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат - АҚШ армиясының подполковнигі Энтони Шеффер кітабының 9500 данасы өртеп жіберілді, себебі ол естелік кітаптың мазмұны ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін көрінеді,

деп хабарлады жексенбі күні FOX News телеарнасы Пентагондағы дерек көздерге сілтеме жасап.

Шеффердің «Қара жүрек» операциясы» (Operation Dark Heart) кітабы Ауғанстанда астыртын жасалған операциялар мен ауған науқанының шиеленісті тұстарына, сондай-ақ «Ықтимал қауіп» жобасына (Able Danger) арналған.

АҚШ Қорғаныс министрлігінің Барлау басқармасының пікірі бойынша, атап айтқанда, 2001 жылдың қыркүйек айының 11-індегі лаңкестікті ұйымдастырушы Мохаммед Атте туралы АҚШ арнайы қызметтерінің 2000 жылы білгені туралы мәліметтер ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін көрінеді.

FOX News телеарнасының қолына түскен Барлау басқармасының бастығы Рональд Берджесстің хатында сондай-ақ, кітапта басқа да құпия деректердің бар екендігі айтылған.