ТАСС агенттігі атап өткендей, бұл туралы Парнелл X әлеуметтік желісінде жазды.
— НАТО елдерінің қорғаныс министрлерінің кездесуінен қайтып келе жатқанда, Хегсеттің ұшағы әйнегіндегі сызатқа байланысты Ұлыбританияда қонды. Бұл сапар жоспарланбаған еді, — деп түсіндірді АҚШ Қорғаныс министрінің баспасөз хатшысы.
Ол ұшақтың қонуы стандартты процедураға сәйкес жасалғанын және барлық жолаушының қауіпсіз екендігін нақтылады. Шұғыл қону барысында ешкім зардап шекпеген.
Бұдан бұрын Пентагон «жедел соққы» қаруын жасауға 1 млрд доллардан астам қаражат жұмсамақшы екенін жаздық.
Сонымен қоса Қатар Пентагонға Трамп үшін ешқандай шартсыз ұшақ сыйлады.