АҚШ Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ядролық қауіпсіздік басқармасы биологиялық қауіптерден қорғауға арналған жаңа суперкомпьютерді таныстырды.
Бұл бастама – денсаулық сақтау жолында пайда болатын қауіптермен күресу үшін озық технологияларды қолданудағы маңызды қадам.
Кешен АҚШ Энергетика министрлігінің құрылымы аясында қызмет етіп жүрген Калифорниядағы зерттеу кешені – Лоуренс атындағы Ливермор ұлттық зертханасында орналасады.
Пентагон сайтында хабарланғандай, суперкомпьютер әлемдегі ең қуатты суперкомпьютер El Capitan-ды әзірлеу үшін қолданылған алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалана отырып жасалған.
Ведомстволар компьютердің техникалық бөліктерін атамады, оның жұмысы үшін AMD компаниясы шығарған MI300A процессоры пайдаланылатыны ғана белгілі.
Пентагон мен Ұлттық ядролық қауіпсіздік басқармасының атап өтуінше, бұл жүйе АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігін қолдап қана қоймай, халықаралық серіктестер мен зерттеушілер үшін де пайдалы болады. Үлкен есептеу мүмкіндіктері мемлекеттік ведомстволарға, академиялық институттар және өнеркәсіптік кәсіпорындарға қолжетімді болады.