Пентагон Иракқа басып кіруге негіз болған уәждің ойдан шығарылғанын мойындады

АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат - Пентагон, Саддам Хусейннің режимінде жаппай қырып-жоятын қарудың болмағанын, Иракқа басып кіруге негіз болған уәждің ойдан шығарылғанын мойындады. АҚШ Президенті Барак Обама 2003 жылдың наурыз айында американ әскерінің Иракқа басып кіруінен кейін жалғасқан «Ирак бостандығы» көпжылдық операциясының аяқталғанын жария етті, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

АҚШ-тың 43-ші президенті кіші Джордж Буш Иракқа басып кіру санкциясын Иракта жаппая қырып-қоятын қарудың бар екендігі туралы мәліметке сүйеніп берген болатын. Бірақ, содан бері осыны дәлелдейтін бірде-бір маңызды айғақ табылған жоқ. Ал 7 жылға созылған жауынгерлік шаралар барысында жүздеген мың ирак азаматтары және 4 мыңдай халықаралық коалиция жауынгерлері қаза тапты.