"People" журналы ең стильді жұлдыздардың рейтингін жариялады
18:37, 16 Қыркүйек 2011
АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Американың "People" журналы 2011 жылы ең сәнді киінетін он танымал адамның тізімін жасады.
Рейтингтің басында «Сплетница» телехикаясында ойнаған жұлдыз Блэйк Лавли (Blake Lively) тұр. Бұған дейін ол Жер жүзінің ең тілекті қызы тізіміне енуді көздеген болатын. People журналистері актрисаның дара келбетін, сондай ақ, керемет киінетіні, өзін сондай кқрнекі ұстайтындығын атап көрсетеді.
Рейтингтің екінші жолында әлемнің ең сұлу әйелі атанған Дженнифер Лопес (Jennifer Lopez) тұр. Басылымның пікірінше, өзінің әйелдік қылығын айқын көрсететіндей киіну басқалардың қолынан бұлай келе қоймайтын сияқты.
Жұлдыздар үштігінің соңын «Достықтан да жықын қатынас» фильмінің жұлдызы Мила Кунис (Mila Kunis) тұйықтады. Журнал «Гламур сұлуы » атаған ол ежелгі Голливудтың ретросәндерін насихаттаудан бір танбайды.