АҚШ Израильдің Палестина халқына әскери шабуылдарына қолдау білдіріп отырғандықтан, көптеген елдер АҚШ пен Израиль тауарларынан бас тарта бастады.
Үндістанның ірі кәсіптік қаласы Мумбайдағы мыңдаған қоғамдық тамақтандыру орындары Pepsi, Coca-Cola тәрізді сусындарды сатылымнан алып тастады, деп хабарланған «Нұр Астана» орталық мешітінің ресми сайтында.
Мумбайдағы «Shalimar» мейрамханасының иесі кәсіпкер Умар Шейх «біздің қолымыздан келері осы» десе, «Persian Darbar» қонақүйінің қожайыны Джавил Котвал: «Біз зорлық-зомбылықтан аулақ болуға үндеген Махатма Гандидің принципін ұстанамыз» дейді.