Шимон Перес түрлі ведомстволарда министр лауазымында болды. Оның карьерасы 70 жылға жалғасты. 1994 жылы «Таяу Шығыстағы бейбітшілікке қол жеткізу үшін жасаған талпыныстары үшін» Нобель сыйлығына ие болды.
«Шимон Перестің бақилық болуымен Израиль тарихының бір кезеңі аяқталады. Оның қатысуынсыз болған тарихта еш маңызды құбылыс, жетістік жоқ.
Шимон Перес Израиль қауіпсіздігін нығайтуға және оның халықаралық байланыстарын дамытуға, соның ішінде Израиль мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға зор үлес қосты. Астанада бірнеше рет болған және Президент Назарбаевпен достық қарым-қатынаста болды.
Израильдегі және одан тыс жердегі адамдардың көпшілігі үшін Шимон Перес үлгі болды. Ол көріпкелдігімен, өз еліне деген шынайы қамқорлығымен, өмірінің соңғы минуттарына дейін өмірге деген қызығушылығы және құлшынысымен есте қалады», - деген Бродскийдің сөздерін елшінің баспасөз қызметі келтірді.