Перизат Қайрат өзіне тағылған айыптармен келіспей отыр

Фото: Instagram/01pk

АСТАНА. KAZINFORM – Еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат өзіне тағылған айыптаулармен келіспей отыр.

- Олар маған сотқа дейін не айтпады десеңізші. Дәлелденбеген дүниені жариялап, бұрмалап жіберді. Мені қаралап, жала жапты. Тіпті, тінту кезінде табылған заттар да дәлелденген жоқ, - деді Перизат Қайрат сот отырысы басталмай тұрып.

Белгілі болғандай Перизат Қайраттың соты ішінара жабық өтетін болды.

Бұған дейін елордада Перизат Қайраттың ісіне қатысты алдын ала сот отырысы өткенін хабарлаған едік.

Айта кетсек, биыл 30 маусымда Перизат Қайраттың ісі сотқа жіберілді.

Еске салайық, еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны 2024 жылы14 қарашада белгілі болды.

Сондай-ақ Жоғарғы сот Перизат Қайраттың сотын тікелей эфирден көрсету мәселесін қарастыруға дайын екенін хабарлады.