Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваның сөзі жабық режимде тыңдалмақ

Коллаж: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Астана сотында «Birgemiz» қайырымдылық қорының бұрынғы жетекшісі, волонтер Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның және олардың адвокатының сөзі жабық режимде тыңдалатын болды. 

Іс бойынша судья Сабыржан Кәрімовтың хабарлауынша, отырыс бүгін сағат 15:00–де жабық режимде жалғасады. Онда айыпталушылар мен олардың қорғаушысының сөздері тыңдалмақ.

Айта кетейік, бүгін таңертең сотта жәбірленушілер мен олардың өкілдерінен жауап алынды және пікірлері тыңдалды.

Жәбірленушілер Ғайни Алашбаеваның жасы мен ауруына байланысты жазасын жеңілдетуге қарсы шықты.

Бұған дейін прокурорлар Перизат Қайратқа — 10 жыл бас бостандығынан айыру, Ғани Алашбаеваға 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді.

Еске сала кетсек, Перизат Қайрат дайын диплом сатып алғысы келген әрекеті туралы жазған едік

Сондай-ақ куәгер Перизат Қайрат қор қаржысын қалай қолма-қол ақшаға аударғанын айтып берді

Сот барысында әйгілі әнші, отандасымыз Димаш Құдайбергеннің есімі аталды.

Белгілі болғандай тасқын кезінде Назарбаев зияткерлік мектебінің қызметкерлері 2,9 млн теңге жолдаған

Істі қарау кезінде Перизат Қайрат жетекшілік еткен қорға қаржы аударған 47 адам жәбірленуші деп танылды