Перизат Қайрат ісі: апелляция 24 қыркүйекте қаралады
АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының соты Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның ісі бойынша адвокаттың апелляциялық шағымын қарамақ, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.
Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, отырыс 24 қыркүйек күні сағат 14:30-да өтеді.
Барлық тарап пен сот процесіне қатысушылар отырысқа онлайн-режимде қатысады.
Еске салайық, биылғы 25 шілдеде астана соты Перизат Қайратты 10 жылға бас бостандығынан айырып, оған қайырымдылық қызметпен айналысу құқығын шектеу туралы үкім шығарған еді. Онымен бірге оның анасы Ғайни Алашбаева да сотталған.
Кейіннен Перизат Қайраттың адвокаты бұл үкімге апелляциялық шағым берілетінін мәлімдеген болатын.
Сонымен қатар, Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайраттың мүлкі аукцион арқылы сатылатынын хабарлады.