Перизат Қайрат ісі: танысу аяқталды, іс прокуратураға жолданды
АСТАНА. KAZINFORM — Қаржылық мониторингі агенттігі Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаеваға қатысты алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
Агенттік ақпаратына сәйкес, 2025 жылғы 19 наурызда тараптар 109 томнан тұратын қылмыстық іс материалдарымен танысуға кірісті.
Бұған дейін хабарланғандай, залал сомасы 3,5 млрд теңгені құрады.
— Ұрланған қаражатқа сатып алынған 865 млн теңге көлеміндегі мүлікке тыйым салынды. Қылмыстық іс айыптау актісін бекіту және сотқа жолдау үшін Бас прокуратураға берілді, — делінген хабарламада.
Еске салсақ, еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны 14 қарашада белгілі болды.
Артынша Перизат Қайрат параспорт федерациясындағы қызметінен алынды.
Сонымен қатар сот санкциясымен Перизат Қайраттың дүние-мүлкіне шектеу қойылғаны анықталды.
Бұған дейін Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинауды ұйымдастырғаны туралы хабарлаған едік. Бұл эпизод бойынша Перизат Қайрат 200 млн теңгеден аса қаражатты жымқырды деп күдіктелуде.
Кейіннен Перизат Қайраттың ісі 100 томнан асқаны мәлім болды.
Ал оның «Biz birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігі таратылғаны айтылды.
Сәуірдің басында Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Бұл ретте Перизат Қайрат жауап беруден бас тарту құқығын таңдағаны хабарланды.
Бұдан бөлек оның соты қашан басталатыны анықталды.