Перизат Қайрат жәбірленушілердің шығынын өтеуге міндеттелді — сот үкімі

Коллаж: Kazinform/ Freepik/ Wikipedia

АСТАНА. KAZINFORM — Елорда соты «Biz birgemiz» қайырымдылық қорының бұрынғы жетекшісі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға үкім шығарды. 

— Жәбірленушілер мен өкілдеріне келтірілген материалдық шығынды өндіріп алу туралы азаматтық талаптар толық көлемде қанағаттандырылсын. Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаевадан 50 жәбірленушінің пайдасына 1 миллиард 582 миллион 649 мың 591 теңге көлемінде материалдық шығынды бірлесіп өндіру белгіленсін, — деді Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов.

Әрбір жәбірленушіге қатысты материалдық шығын мөлшері үкімнің толық мәтінінде көрсетілген.

— Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаевадан мемлекет кірісіне баж тәртібімен, әрқайсысынан 22 миллион 583 мың 934 теңгеден өндіріп алу белгіленсін. Қылмыстық-процестік кодексінің 172-бабына сәйкес, азаматтық талаптарға қатысты үкім бөлігін ерікті түрде орындау үшін Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваға үкім заңды күшіне енген күннен бастап 1 ай мерзім белгіленсін. Аталған мерзімнен кейін талап мәжбүрлеп орындатуға жатады, — дейді судья.

Айта кетейік, сот үкімімен Перизат Қайрат 10 жылға, анасы 7 жылға сотталды