«PERSONA+» Арт-орталығы астаналық мұражайда есеп беру көрмесін ұйымдастырды

None
СТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат - Астанадағы Қазіргі заман өнері мұражайында тұңғыш рет «PERSONA+» АРТ-орталығының көрмесі ашылды.

Аталмыш орталық 2008 жылдың қараша айында ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, танымал дизайнер Елена Ралинаның ұйытқы болуымен құрылған болатын. Осы екі жылда Арт-орталық Прага Өнер университетінің студенті Иван Олонцев, Лондон Өнер институтының студенті Валерия Елисеева сияқты лайықты шәкірттер тәрбиелеп шығарды.

Бүгінгі есеп беру көрмесіне 33 автордың түрлі техникада орындалған 200-дей туындысы қойылып отыр. Сондай-ақ, алғашқы есеп беру көрмесіне орай «Art center «PERSONА+» каталогы да шығарылды. Көрме бір ай бойы жұмыс істейді.