Аталмыш орталық 2008 жылдың қараша айында ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, танымал дизайнер Елена Ралинаның ұйытқы болуымен құрылған болатын. Осы екі жылда Арт-орталық Прага Өнер университетінің студенті Иван Олонцев, Лондон Өнер институтының студенті Валерия Елисеева сияқты лайықты шәкірттер тәрбиелеп шығарды.
Бүгінгі есеп беру көрмесіне 33 автордың түрлі техникада орындалған 200-дей туындысы қойылып отыр. Сондай-ақ, алғашқы есеп беру көрмесіне орай «Art center «PERSONА » каталогы да шығарылды. Көрме бір ай бойы жұмыс істейді.