Перу астанасында көгершіндерді тамақтандыруға тыйым салынды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Перу астанасы Лимада қала билігі көшелердегі көгершіндерді тамақтандыруға тыйым салды, деп хабарлады "Россия 24".

Заң бұзғандар 385 соль (120 АҚШ доллары шамасында) айыппұл төлейді, ал қайталағандарға бұл сома екі есе өседі.

Қалада көгершіндер көптігі проблемаға айналды. Лимада олардың саны 30 мыңнан асады. Санитарлық қызметтер көгершіндер қаладағы басты ауру таратқышқа айналғандығын айтуда.