Перу астанасының циркінде граната жарылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Перу астанасы Лима циркінде граната жарылып, 11 адамды жарақаттады. Жапа шеккендердің қатарында әртістер де бар. Бір клоун (күлдіргіш) іш жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Би-би-си.

Полиция жарылысты рэкетирлер тобы ұйымдастыруы мүмкін деп отыр.

Бопсалаушылық - Перуде кең таралған қылмыстардың бірі.

Бас прокурордың ақпаратынша, ағымдағы жылдың алғашқы төрт айында ғана бопсалау туралы 1500 арыз жазылған.