1984 жылы 25 желтоқсанда Лима қаласында өмірге келген Хесус Рабаналь 2004 жылдан бері өзінің туған қаласындағы «Университарио» командасында өнер көрсетіп келген болатын. Сол қапталдағы қорғаушы сондай-ақ, Перу ұлттық құрамасы сапында 7 ойынға қатысты.
Соңғы матчын 9 ақпанда ұлттық чемпионаттың 29-шы турында Лиманың тағы бір командасы «АЭЛУ»-мен өткізген «Университарио» 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Алматылықтардың бас бапкері Владимир Вайсстың айтуынша, Х.Рабаналь команда сапына Испанияның Валенсия қаласында 14 ақпанда басталатын оқу-жаттығу жиынында қосылмақ.