Перу президенті жалпыхалықтық сайлау күнін белгіледі

Фото: Фото: Анадолы

АСТАНА. KAZINFORM — Перу президенті Дина Болуарте 2026 жылдың сәуір айында жалпыхалықтық сайлау өтетінін жариялады, деп жазады Анадолы.

Телеарнадағы үндеуінде мемлекет басшысы алдағы сайлау «демократиялық, әділ және ашық» өтетінін, сонымен қатар елдегі жағдайды тұрақтандыруға септесетінін атап өтті.

Бұған дейін ұйымдасқан қылмыспен күресу мақсатында 18 наурызда Перу үкіметі Лима елордалық аймағында және Кальяо провинциясында 30 күн мерзімге төтенше жағдай режимі енгізілетінін жария етті. 

Өзінің осыған дейінгі үндеулерінде президент Болуарте елдегі қылмыстық топтардың әрекеттерін қатаң айыптады. 

— Мен қандықол қылмыскерлерге өлім жазасын енгізу мүмкіндігін қарастыруға шындап кірістім. Бірде бір ұры-қары немесе жалдамалы баскесер өз балаларын жақсы көретін отбасыларды қанға боямайды, — деді президент.

Өлім-жітімді тіркеу ұлттық ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес (Sistema Informático Nacional de Defunciones) Перуде 2025 жылдың алғашқы үш айында 459 адам өлтіру дерегі тіркелген.

Бұған дейін әлемге әйгілі әнші Шакира ауруханаға түсіп, оның Перудегі концерті кейінге қалдырылғаны мәлім болды. 

Сонымен қатар, Перуде 9 млн жыл бұрын тіршілік еткен акуланың сүйектері табылғаны хабарланды.