Перу Президентінің ұшағы қонуға мәжбүр болды

АСТАНА.  Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат - Эквадорға саммитке  бара жатқан  Перу Президенті  Алан Гарсияның     ұшағы     ұшқыш    кабинасының   терезесінде  пайда болған   жарықтың салдарынан        апатты жағдайда  қонуға мәжбүр болды,

деп хабарлайды    «Маяк» радиостансасы.

Ұшақ  Перу елордасы Лиманың  солтүстігіне  қарай 772   шақырым  жердегі  Чикайло   қаласына  қонды.    Белгілі  болғаны:   оқиға салдарынан  ешкім  зардап шекпеген,    мемлекет басшысы      сапарын басқа  ұшақпен   жалғастырған. 

Алан Гарсия Эквадордың елордасы Кито   қаласына    жаңа мерзімге сайланған  сол  елдің Президенті Рафаэль  Корреаны ұлықтау рәсіміне,  сондай-ақ    Оңтүстік Америка ұлттар одағына мүше  мемлекеттердің басшыларының кездесуіне  қатысуға бара жатқан.