Перуде 4,5 мың жыл бұрынғы ежелгі мумия табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Перуде 4,5 мың жыл бұрынғы ежелгі мумия табылды . Ол мемлекеттің көне қалаларының бірі Асперо қаласында қазба жұмыстары кезінде табылды.

Ғалымдардың айтуынша, ол әйел. Шамамен 45-50 жас аралығында қайтыс болған.

Бұдан басқа, мамандар әйелдің әлеуметтік мәртебесі жоғары болған деп болжайды. Бұған тотемдік құстар мен жануарлармен салынған әшекейлер куә. Әрі қабірден әйелдің жеке гигиеналық заттары мен жиһаз табылды.

Мамандар бұл елдің көне тұрғындарының тарихы жайлы көбірек білуге септігін тигізеді деп санайды. Асперо Каральдан бұрын пайда болуы да жоққа шығарылмайды.