Перуде бірқазандар қырылуда

АСТАНА. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Перудің солтүстік жағалауында 70 шақырым ұзақтықта

500-ге жуық бірқазан мен 5 теңіз арыстанының өлі денелері табылды, деп хабарлады Утро.ру.

Сараптама жүргізген зоолог мамандар олар бірнеше күн бұрын өлген деген қорытындыға келді.

Еске салсақ, биылғы жылдың басында Перудің осы ауданында толқын жеті жүзден астам дельфиннің өлі денесін жағаға шығарған болатын. Олардың өлу себебі әлі күнге дейін анықталмады.