Перуде көлік апатының салдарынан 40 адам опат болды

None
АСТАНА.  Желтоқсанның  25-і.  ҚазАқпарат -   Перуде       жолаушылар  автобусы шыңырауға  құлап кетіп,  оқиға салдарынан 40 адам   қаза тапты,   10-ға жуық  адам жарақат  алды.  Қайғылы оқиға  елдің   оңтүстігінде,  Анд тауындағы     жолдардың бірінде  орын  алған.

Полицияның  мәліметтері  бойынша, автобуста  50-ден астам адам болған,  деп  хабарлайды  «Азаттық» радиосы.

Әзірге   анықталмаған  себептермен машина   жолдан шығып  кетіп, 200 метр биіктіктен    шыңырауға  құлаған.  Оқиға  орнында  құтқарушылар мен өрт  сөндірушілер    бригадалары  жұмыс істеуде.