Перуде көлік апатының салдарынан 40 адам опат болды

АСТАНА. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат - Перуде жолаушылар автобусы шыңырауға құлап кетіп, оқиға салдарынан 40 адам қаза тапты, 10-ға жуық адам жарақат алды. Қайғылы оқиға елдің оңтүстігінде, Анд тауындағы жолдардың бірінде орын алған.

Полицияның  мәліметтері  бойынша, автобуста  50-ден астам адам болған,  деп  хабарлайды  «Азаттық» радиосы.

Әзірге   анықталмаған  себептермен машина   жолдан шығып  кетіп, 200 метр биіктіктен    шыңырауға  құлаған.  Оқиға  орнында  құтқарушылар мен өрт  сөндірушілер    бригадалары  жұмыс істеуде.