Перуде өткен президент сайлауында экс-премьер Кучински жеңіске жетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Перуде өткен президент сайлауында, 2005-2006 жылдары ел премьер-министрі қызметін атқарған, экономист Педро Пабло Кучински жеңіске жетті, деп хабарлады ВВС агенттігі.

Оның қарсыласы Кейко Фухимори өзінің сайлауда жеңілгенін мойындады.
Кучински - танымал экономист, бұрын Дүниежүзілік банкінде жұмыс жасаған. Ол сайлауда 50,1 пайыз дауыспен жеңіске жетті.