Санта провинциясының жағалауынан 500-ге жуық өлі теңіз арыстандары табылды. Жергілікті биліктегілер сүтқоректілер жағалауға азық іздеп жақындаған кезде оларды балықшылар немесе фермерлер уландыруы мүмкін деп болжап отыр.
Перудің экологиялық полициясы осы жағдайға байланысты басқа да болжамдарды қарастырып жатыр. Соның бірі - белгісіз індеттің таралуы.