Перуде тікұшақ құлап, 13 адам қаза тапты

АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - Перу мемлекетінде Perenco мұнай өндіруші кәсіпорнына тиесілі Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады.

Бұл туралы РБК мәлімдеп отыр.

Reuters жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап, оның ішінде 13 адам болғанын көрсеткен. Олар - 9 жолаушы және 4 экипаж мүшелері.

Тікұшақ 7 сәуір күні Эквадормен шекарада халқы аз Лорето ауданының солтүстігінде құлаған.

Оқиға орнында 2 тікұшақ және Перу әскерінің сарбаздары жұмыс істеуде. Әзірге апаттың себептері беймәлім.

Perenco кәсіпорнының мәліметінше, тікұшақтағы адамдар - Перу тұрғындары.