Таудан жылжыған тастар көшкіннен қорғайтын қоршауды бұзып өтіп ғимараттың қабырғасын қиратқан. Салдарынан қонақүйдің шатыры опырыла құлаған. Бұл кезде ғимараттың ішінде 100-ден астам адам жүрген. Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға кезінде олардың жартысына жуығы құлаған қабырғаның жанында тұрған.
29 адам ауыр жарақаттанды, құтқарушылар оларды үйінділер астынан алып шықты.
Көшкін жүруіне аймақта бірнеше апта бойы тоқтамаған жауын-шашын себеп болуы мүмкін.