деп хабарлайды РБК.
АҚШ Ұлттық геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің кіндігі Пукальпа қаласының солтүстігіне қарай 82 шақырым жерде және ел астанасы Лима қаласының солтүстік-шығысына қарай 567 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің күші өте қатты болған, алайда оның тереңдігі 145,1 шақырымда жатқандықтан, жер бетіне айтарлықтай зақым келтірмеуі тиіс.
Қаза тапқандар мен задап шеккендер туралы хабарлама жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылдың 23 тамызы күні АҚШ-та 5,9 балдық жойқын жер сілкінісі болған.