Перуде жерге қонбақ болған жолаушылар ұшағы өртенді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Peruvian Airlines» компаниясының ұшағы сейсенбі күні Перудің Хауха қаласындағы әуежайына қонарда өртеніп кетті, деп хабарлайды ria.ru RPP басылымына сілтеме жасап.

Ұшақтың бортында 140 жолаушы болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, отқан оранған ұшақ жерге қонысымен жолаушылардың барлығын көшіріп үлгерген.

Әуежайдан ұшақтардың ұшуына да қонуына да тыйым салынды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жетті.