Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші бұрылыс кезінде тізгінге ие бола алмай қалған. Салдарынан автобус аударылып кеткен. Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді, олардың бесеуінің жағдайы ауыр.
Автобус Арекипа қаласынан шығып, Куско департаментіндегі Сикуани қаласына бет алған.
Перуде мұндай жол апаты бұған дейін де болған. Елдің оңтүстігіндегі Арекипа қаласының маңында жолаушылар автобусы жардан құлап, онда 37 адам қаза тапқан болатын. Бұл жол апатында автобус шамамен 200 метр төмен құлап түскен.