Перуде жол апатынан 11 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Перуде жүк көлігі мен автобус соқтығысып, 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Жол апатынан тағы 25 адам жапа шеккен. Оқиға Перудің орталығында орналасқан Паско провинциясында болған.

Қаза тапқандардың арасында Аналар күнін атап өту үшін туыстарына бара жатқан әйелдер де бар.