Жол апаты ел астанасының солтүстік-шығысына қарай 400 шақырымдай жерде, Уануко өңірінде орын алды, деп хабарлайды Utro.ru.
Sonia көлік компаниясының 50 жолаушы мінген қалааралық автобусы Анд тауларында 500 метрлік шыңырауға құлап кеткен.
«Оқиға орнында 15 адамның денесі табылды. Тағы екі жолаушы ауруханада көз жұмды. 25 адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, олардың ішінде балалар да бар», - деп мәлім етті генерал де Бенедетти.
Алдын-ала долбарлар бойынша, автобус жүргізушісі қарсы алдынан шығып қалған пикаппен соқтығысып қалмау үшін, рульді бұрып, трассадан шығып кеткен.