Перудегі алапат тасқын 72 адамның өмірін қиып кетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Перудегеі су тасқыны салдарынан көз жұмғандар саны 72-ге жетті. Бұл туралы Associated Press хабарлады.

Құтқарушылар ауқымды су тасқынынан Перу астанасы Лиманың Сан Хуан де Луриганчо ауданының тұрғындарын көшірген еді. Аудан көшелері мен үйлерін толық су басқан.

Бұған дейін 60 адамның қаза тапқаны және 8 мың үйдің қирағаны хабарланған болатын.