Перудегі автобус апаты: Құрбандар саны 50-ден асып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Перуде жолаушылар автобусы апатқа ұшырағап 51 адам мерт болды. Бұл туралы осы елдің денсаулық сақтау министрлігі Туиттердегі парақшасына жазды, деп хабарлайы ресейлік ТАСС агенттігі.

«Құтқару оперециясының орталығы, Посаймо ауданында 51 мәйіттің табылғанан хабарлайды. Дрон пайдалану арқылы жол апаты аймағын анықтап қарауға мүмкіндік туды», - деп жазылған хабарламада.

Осыған дейін 48 адам қаза болды деп айтылған. Күрделі жағдайда апат орынынан  мәйіттерді алып шығу операциясы тәуліктен астам уақыт бойы жалғасуда.

Еске сала кетсек, сейсенбі күні кешке 55 адам мінген жолаушылар автобусы биікті 100 метрлік құздан құлаған болатын. Посамайо ауданындағы  бұл қауіпті бұрылысты жергілікті тұрғындар «албастының айналмасы» деп атайды екен.

Тірі қалған алты жолаушының бесеуі ауыр, немесе өте ауыр жағдайда. Жолаушылардың нақты саны қазіргі уақытқа дейін белгісіз.