Перудегі жер сілкінісінен 8 адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Перудің оңтүстігінде орын алған магнитудасы 5,1 болған жер сілкінісінен 8 адам ажал құшты. Бұл туралы оңтүстікафрикалық елдің азаматтық қорғаныс қызметінен хабарлады, деп жазады ИТАР-ТАСС.

Табиғи апат салдарынан Куско аймағындағы Яриске ауылында 75 үй қирап қалды. Әзірге 8 адамның қаза тапқаны белгілі. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, 15 адам жарақаттанған, 4 адам хабар-ошарсыз кеткен. Үйінділер астынан құтқарушылар тағы 4 адамды шығарып алған.